Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алғаш рет "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" 1925 жылдың 1 қарашасында Сырдария губерниясының 691571 адамнан тұратын халқы үшін 25 төсектік болып Шымкент қаласында ашылды. Диспансер меңгерушісі болып болып В.В. Прошкина, ал 1925 жылы 25 қарашадан О.А. Ничаева бас дәрігер болып тағайындалды. Ол 1929 жылға дейін аталған мекемеде жеке дара қызмет атқарды. 1926 жылы Шымкент уезі 286 мың халқы бар 10 ауылдан тұратын. Толық мәліметтерге қарағанда 100 мың адамға шаққанда бірінші рет ауырғандар саны 1000 ал есепте тұратын аурулар саны 3000-нан асатын. Осы аурудан көз жұмғандар саны есептелмеген, себебі шексіз көп еді. Осындай жағдайда дәрігерлер туберкулез ауруларына қарсы күресті бастады, бұл өте ауыр кезең болатын. Туберкулез ауруын алдын ала табуды жоспарлау жөнге келмеген, ал барлық аурулар өздері келу арқылы анықталатын. 1928 жылға дейін өкпені рентген арқылы тексеру үшін ауру Ташкент қаласына апарылатын.
Ал аурулар жөніндегі мәлімет тек тіркеумен, өкпе және басқа туберкулез ауруларына бөлумен шектелген еді. Қазақстанда 1929 жылы 23 мамырда дәрігер фтизиатрлардың мәжілісінің өтуі және 1932 жылы Қазақстанның туберкулез ауруларына қарсы ғылыми зерттеу институтының ашылуы туберкулезге қарсы күрес жұмыстарын одан әрі жақсартуға ықпал етті. 1930 жылдан бастап 40 төсектік 6 туберкулезге қарсы диспансер және қосымша мекемелер, 200 орындық шипажай жұмыс істей бастады. 1955 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 5 туберкулезге қарсы диспансер, оның ішінде қалада 225 төсектік - 4, ауылдық жерде 25 төсектік – 1 диспансер, 6 туберкулезге қарсы кабинеттер халыққа қызмет көрсетті.
Сонымен бірге аурулар облыстық 200 төсектік 2 (Сайрам), республикалық 820 төсектік 3 (Балықшы, Ванновка, Шымған) шипажайда ем қабылдады. 12 мекеменің тоғызында рентген бөлмесі ашылды.
Егер туберкулезге қарсы күрестің ауырлығы 1938 жылдан бастап, бас дәрігер М.А.Кислицина онымен бірге осы ауырлықты өз ісінің ынталы дәрігерлері Л.К.Виноградова, В.П. Гохберг, П.М. Розенберг, М.И. Колпакчи, Л.П. Угай, Е.А. Карпенко, Т.Ч. Городниченко, В.В. Крышендер бөлісті.
1959 жылдан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығында хирургия, балалар және жасөспірімдерге арналған бөлімдері және қосымша бірлестіктер ашылды. Ал 1961 жылы диспансердің 75 орындық жаңа корпусы іске қосылды. 1962 жылы туберкулезге қарсы мекемелердің жағдайы едәуір жақсарып, онда жүргізілетін емнің, диагностикалық жұмыстардың көлемі ұлғайды. Осыған қарамастан эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі еді. Әр 100 мың адамға шаққанда бірінші рет ауырғандар саны 240,0 болса, есепте тұратындар саны – 861,0 ал өлім саны 42,1 болды. Өткен уақытты сараптағанда жұмыстың өте ауыр болғаны көрініп тұр. Ал, 1989 жылы балалар және жасөспірімдерге арналған ғимаратта мектеп ашылды.
"Облыстық фтизиопульмонология орталығы" бас дәрігері қызметін О.А. Ничаевадан кейін 1932 жылы А.К. Лазаркевич алмастырды. Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру ісінде негізгі жүк Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер М.А.Кислицинаның мойнында болды. Ол кісі осы аурухананы 25 жыл бойы басқарып, облыс көлемінде туберкулезге қарсы мекемелерді дамыту үшін көп еңбек сіңірді. М.А.Кислицинаның бастаған ісін дәрігер мамандар Н.Ф. Маринич және Т.Оразалиевтер жалғастырды. Н.Ф. Маринич бірінші рет жылжымалы флюороқондырғылар арқылы халықтың денсаулығын тексеруді іске асырды. 18 жылдан аса бас дәрігер болған Т.Оразалиевтің мойнында облыс көлемінде туберкулезге қарсы жұмысты ұйымдастырумен бірге, ол жұмысты аса жандандыру және сапасын арттыру мәселесі болды.
Өте ауыр әлеуметтік ауруға қарсы жұмыста көп еңбек сіңірген Л.К. Виноградова, К.Ж. Жанысбеков, А.Д. Дауылбаев, В.М. Пустовойтова, Т.Я. Махагонова, Л.А. Булыяева, А.Н. Ильязова, Б.А. Скребцов, Ш.Ш. Шапулатов, М.Т. Әлімбетов, И.К. Беккер, Б.О. Омашев, Г.Н. Марущак, Б.Р. Рестемов, К.Ф. Ширгазина, А.Г. Григорянц, В.Н. Марущак, М.Р. Баимбетов, В.С.Курило, Р.М.Таирова және т.б. дәрігерлердің еңбектері орасан зор.
Кеңестер одағының тарауына байланысты 1992 жылдан туберкулезге қарсы жұмыстар қарқыны төмейдей түсті. Одақ республикалары арасында байланыстар нашарлауына байланысты вакцинамен, туберкулинмен, туберкулезге қарсы дәрілермен қамтамасыз ету толық болмады.
Осы қиын кезеңде ҚР Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы №3956 «ҚР халқының денсаулығын жақсарту туралы кезек күттірмейтін шаралар» атты Жарлығының шығуы туберкулезге қарсы күресті жандандыруға көп әсер етті. Осы жарлыққа сәйкес туберкулезді анықтаудың, емдеудің ең экономикалық тиімді әдістері енгізіле бастады. 2002 жылы жаңа емдеу ғимараты салынып 70 төсек орынға арналған өкпе хирургиялық бөлім ота блогымен, жансақтау бөлімі, бактериологиялық лаборатория ашылды.
Қазіргі таңда Сагимбеков Болатхан Салыбекұлы басшылық етуімен "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" Түркістан облысы және Шымкент қаласының барлық тұрғындарына емдеу-профилактикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуде.
Облыстық фтизиопульмонология орталығында 350 төсек орны жұмыс атқаруда, барлық мамандандырылған бөлімшелер ашылған: 145 төсек орындық туберкулездің көптеген дәріге тұрақты өкпе терапия бөлімі; 75 төсек орындық туберкулездің дәріге сезімтал түріне арналған бөлімі; 30 төсек орындық өкпе және өкпеден тыс хирургиялық туберкулезді емдеу бөлімі; 40 төсек орындық балалар мен жасөспірімдер бөлімі; 20 төсек орындық мәжбүрлеп емдеу бөлімі; 15 төсек орындық созылмалы туберкулез бөлімі; 10 төсек орындық психо-туберкулезді бөлім; 15 төсек орын пульмонология бөлімі; Осыған қоса күндізгі стационар бөлімі 30 төсек,  диспансерлік бөлім, жансақтау бөлімі, эндоскопия бөлмесі, рентгенофлюорографиялық бөлім, бактериялогиялық лаборатория, клиникалық лаборатория, ауруханаішілік дәріхана,  физиотерапия қызмет көрсетеді. 

chef.jpg

Сагимбеков Болатхан Салыбекович

05.03.1962ж.т.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1985жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» және 2005жылы Алматы экономикалық университетін «қаржы және несие мамандығы» бойынша үздік аяқтады.  
  • 1986-1990 жылдар аралығында Бөген аудандық медицина бірлестігінде дәрігер хирург қызмет атқарған.  
  • 1990-1993 жылдар аралығында Бөген аудандық медицина бірлестігінің хирургия бөлімінің меңгерушісі қызмет атқарған. 
  • 1993-1998 жылдар аралығында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары; 
  • 1998-2002 жылдар аралығында Ордабасы аудандық аурухананың бас дәрігері; 
  • 2002 жылы Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері; 
  • 2002-2006 жылдар аралығында Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы бас дәрігері; 
  • 2006-2007 жылдар аралығында «Айкап» отбасылық дәрігерлік емханасы бас дәрігері; 
  • 2007-2009 жылдар аралығында Ордабасы аудандық медицина, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігері; 
  • 2009 жылы Ордабасы аудандық медицина бірлестігі бастығы; 
  • 2009-2015 жылдар аралығында «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» МКҚК бас дәрігері болып қызмет атқарған. 
  • 2015 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ МКК «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» бас дәрігері қызметін атқаруда 2003 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, тәжірибелік дәрігер жұмысын 
Мемлекеттік наградалары: 

  • 2002 жылы – Денсаулық сақтау ісінің үздігі 
  • 2008 жылы – ҚР Президентінің мақтау қағазы 
  • 2008 жылы – «Астана 10 жыл» медалінің иегері 
  • 2011 жылы – «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай» медалі
  • 2015 жылы – «ҚР Конституция күні» мерекесіне орай медалі


chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269