ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Туберкулез ауруын алдын ала табуды жоспарлау жөнге келмеген, ал барлық аурулар өздері келу арқылы анықталатын. 1928 жылға дейін өкпені рентген арқылы тексеру үшін ауру Ташкент қаласына апарылатын.
Ал аурулар жөніндегі мәлімет тек тіркеумен, өкпе және басқа туберкулез ауруларына бөлумен шектелген еді.
Қазақстанда 1929 жылы 23 мамырда дәрігер фтизиатрлардың мәжілісінің өтуі және 1932 жылы Қазақстанның туберкулез ауруларына қарсы ғылыми зерттеу институтының ашылуы туберкулезге қарсы күрес жұмыстарын одан әрі жақсартуға ықпал етті. 1930 жылдан бастап 40 төсектік 6 туберкулезге қарсы диспансер және қосымша мекемелер, 200 орындық шипажай жұмыс істей бастады.
1955 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 5 туберкулезге қарсы диспансер, оның ішінде қалада 225 төсектік - 4, ауылдық жерде 25 төсектік – 1 диспансер, 6 туберкулезге қарсы кабинеттер халыққа қызмет көрсетті.
Сонымен бірге аурулар облыстық 200 төсектік 2 (Сайрам), республикалық 820 төсектік 3 (Балықшы, Ванновка, Шымған) шипажайда ем қабылдады. 12 мекеменің тоғызында рентген бөлмесі ашылды.
Егер туберкулезге қарсы күрестің ауырлығы 1938 жылдан бастап, бас дәрігер М.А.Кислицина онымен бірге осы ауырлықты өз ісінің ынталы дәрігерлері Л.К.Виноградова, В.П. Гохберг, П.М. Розенберг, М.И. Колпакчи, Л.П. Угай, Е.А. Карпенко, Т.Ч. Городниченко, В.В. Крышендер бөлісті.
1959 жылдан бастап облыстық диспансерде хирургия, балалар және жасөспірімдерге арналған бөлімдері және қосымша бірлестіктер ашылды. Ал 1961 жылы диспансердің 75 орындық жаңа корпусы іске қосылды. 1962 жылы туберкулезге қарсы мекемелердің жағдайы едәуір жақсарып, онда жүргізілетін емнің, диагностикалық жұмыстардың көлемі ұлғайды. Осыған қарамастан эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі еді. Әр 100 мың адамға шаққанда бірінші рет ауырғандар саны 240,0 болса, есепте тұратындар саны – 861,0 ал өлім саны 42,1 болды. Өткен уақытты сараптағанда жұмыстың өте ауыр болғаны көрініп тұр. Ал, 1989 жылы балалар және жасөспірімдерге арналған ғимаратта мектеп ашылды.
Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері қызметін О.А. Ничаевадан кейін 1932 жылы А.К. Лазаркевич алмастырды. Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру ісінде негізгі жүк Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер М.А.Кислицинаның мойнында болды. Ол кісі осы аурухананы 25 жыл бойы басқарып, облыс көлемінде туберкулезге қарсы мекемелерді дамыту үшін көп еңбек сіңірді. М.А.Кислицинаның бастаған ісін дәрігер мамандар Н.Ф. Маринич және Т.Оразалиевтер жалғастырды. Н.Ф. Маринич бірінші рет жылжымалы флюороқондырғылар арқылы халықтың денсаулығын тексеруді іске асырды. 18 жылдан аса бас дәрігер болған Т.Оразалиевтің мойнында облыс көлемінде туберкулезге қарсы жұмысты ұйымдастырумен бірге, ол жұмысты аса жандандыру және сапасын арттыру мәселесі болды.
Өте ауыр әлеуметтік ауруға қарсы жұмыста көп еңбек сіңірген Л.К. Виноградова, К.Ж. Жанысбеков, А.Д. Дауылбаев, В.М. Пустовойтова, Т.Я. Махагонова, Л.А. Булыяева, А.Н. Ильязова, Б.А. Скребцов, Ш.Ш. Шапулатов, М.Т. Әлімбетов, И.К. Беккер, Б.О. Омашев, Г.Н. Марущак, Б.Р. Рестемов, К.Ф. Ширгазина, А.Г. Григорянц, В.Н. Марущак, М.Р. Баимбетов, В.С.Курило, Р.М.Таирова және т.б. дәрігерлердің еңбектері орасан зор.
Кеңестер одағының тарауына байланысты 1992 жылдан туберкулезге қарсы жұмыстар қарқыны төмейдей түсті. Одақ республикалары арасында байланыстар нашарлауына байланысты вакцинамен, туберкулинмен, туберкулезге қарсы дәрілермен қамтамасыз ету толық болмады.
Осы қиын кезеңде ҚР Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы №3956 «ҚР халқының денсаулығын жақсарту туралы кезек күттірмейтін шаралар» атты Жарлығының шығуы туберкулезге қарсы күресті жандандыруға көп әсер етті. Осы жарлыққа сәйкес туберкулезді анықтаудың, емдеудің ең экономикалық тиімді әдістері енгізіле бастады.
2002 жылы жаңа емдеу ғимараты салынып 70 төсек орынға арналған өкпе хирургиялық бөлім ота блогымен, жансақтау бөлімі, бактериологиялық лаборатория ашылды.
Қазіргі таңда Сагимбеков Болатхан Салыбекұлы басшылық етуімен облыстық фтизиопульмонология орталығы Түркістан облысы және Шымкент қаласының барлық тұрғындарына емдеу-профилактикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуде.
Облыстық фтизиопульмонология орталығында 350 төсек орны жұмыс атқаруда, барлық мамандандырылған бөлімшелер ашылған: 125 төсек орындық туберкулездің көптеген дәріге тұрақты өкпе терапия бөлімі, 75 төсек орындық туберкулездің дәріге сезімтал түріне арналған бөлімі, 30 төсек орындық өкпе және өкпеден тыс хирургиялық туберкулезді емдеу бөлімі, 40 төсек орындық балалар мен жасөспірімдер бөлімі, 30 төсек орындық паллиативтік емдеу бөлімі, 15 төсек орындық психо-туберкулезді бөлім, 15 төсек орын пульмонология бөлім, 20 төсек орын оңалту бөлімі. Осыған қоса күндізгі стационар бөлімі 30 төсек, диспансерлік бөлім, жансақтау бөлімі, эндоскопия бөлмесі, рентгенофлюорографиялық бөлім, бактериялогиялық және вирусологиялық лаборатория, клиникалық лаборатория, ауруханаішілік дәріхана, физиотерапия қызмет көрсетеді.