Бектурганов Рамазан Сейдахметович
Жұмыс тәжірибесі:
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында туылған, білімі жоғары. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1986 жылы Шымкент медициналық училищесін; 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын "дәрігер-гигиенист, эпидемиолог" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Бәйдібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында санитарлық дәрігердің көмекшісі қызметінен бастаған. 1995-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының әлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы жанындағы орта буын мамандарын кәсіптік даярлау факультетінің деканы, 2009 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент медицина институтының директоры, 2017 – 2019 жылдары аралығында Шымкент қалалық көпсалалы аурухана бас дәрігері, 2019 — 2022 жылдары №4 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен.