17.01.2020
Молекулярлы-генетикалық тәсіл Gene Xpert MTB/RIF қондырғысының қолданылумаңыздылығы?
Бактериологиялық зертхана бөлім меңгерушісі Н.Утегенова Қазіргі таңда әлемдегі барлық елдердің денсаулық сақтау ұйымдарының басты мәселесі ретінде туберкулез жұқпасының туберкулезге қарсы препараттардың көптеген дәріге тұрақты түрі болып отыр. Ауырудың қоздырғышы изониозид, рифампицинге төзімді болғандықтан туберкулезді емдеу барсында бактериялар жойылмайтындықтан, ауру жазылмайды. Осы жоғарғыда айтылған мәселердің алдын алу үшін, 2010 жылы Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының ұсынысымен молекулярлы-генетикалық тәсіл Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы жұмысқа қосылды.
Біздің бактериологиялық зертханада микробиологиялық ізденіс іс- шаражұмыстарын алға жылжыту мақсатында 2013 жылы мамыр айынан бастап молекулярлы –генетикалық тәсіл Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы жұмысқа қосылған.
Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы көптеген дәріге тұрақтылық жұмысын жылдамдатады. Қазіргі уақытта бұл қондырғы диагнотикалық мақсатта қолданылуда.Gene/Xpert MTB/RIF қондырғысы 2- сағат аралықта түберкулез қоздырғышын және оның рифампицинге тұрақтылығын анықтап береді.
Түркістан облысында бактериологиялық қызметінің жұмысы фтизиатр дәрігерлерге науқастарды емдеу барысында көп көмек көрсетуде. Жаңадан есепке алынған науқастардың ішінде көптеген дәріге тұрақтылық жылдам анықталып, екінші қатардағы дәрімен емдеу уақтысы қысқартылып, науқастарды уақтылы оқшаулау жұмысы барысында эпидемиологтарға үлкен көмек көрсетіліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысын, туберкулезге қарсы күрес ақпараттарын және Түркістаноблысындағы эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, қазіргі уақытта Түркістаноблысында қалалық, аудандық БМСК ұйымдарына Gene/Xpert MTB/RIF қондырғысыорналастырылды.
Атап айтқанда:
1.No3 Шымкент қалалық емхана;
2.No7 Шымкент қалалық емхана;
2.Түркістан қалалық емхана;
3.Кентау қалалық емхана;
4.Ордабасы аудандық аурухана;
5.Түлкібас аудандық аурухана;
6.Жетісай аудандық орталық аурухана;
7.Сарыағаш аудандық ауруханасында қазіргі таңда молекулярлы –генетикалықтәсілмен жұмыс атқаруда.
Туберкулезге күдікті науқастады диагностикалық мақсатта молекулярлы-генетикалықтәсілмен тексеру қарқыны 2018 жылы 73 пайызды құраса 2019 жылы 86 пайызды құрапотыр.