Туберкулез тұқым қуалайды екен, мен соның салдырынан ауырып қалдым?
Б.Нұржанов дәрігер: Әрине, туберкулез тұқым қуалайтын ауру емес. Бірақ, өзгебарлық бірдей жағдайда бір адамдар ауруға шалдығатыны, ал басқалары сау қалпында қалатыны байқалады. Және де туберкулезге шалдыққан адаммен тұрмыстық қарым-қатынаста болған адамдардың ішінен күйеуі немесе әйелімен салыстырғанда қандас туысқандары жиі ауырады. Қазіргі таңда нақты гендер мен туберкулездің даму ықтималдығы арасында байланыс жан-жақты зерттелуде. Мен туберкулезді тұқым қуалайтын аурулардың мультифакторлық тобына жатқызатын мамандар қатарындамын.Бұл аурулар – қоршаған ортаның қолайсыз факторлары мен ауруға гендік бейімділікқауіп-қатер факторларының бірлесе отырып әсер ету салдарынан пайда болатын аурулар. Бұл аурулар тобына адамның жүрек-қан тамыр, тыныс алу, эндокринді және басқа да жүйелерінің созылмалы ауруларының басым көршілігі жатады. Сонымен қатар, кейбір жұқпалы аурулар, туберкулезді қоса жатады. Өйткені кейбір жағдайларда туберкулезге деген сезімталдық тұқым қуалаумен байланысты болады. Алайда, мынаны анық түсініпалу керек: туберкулез ауруына шалдығуға бейімділік – адам міндетті түрде туберкулезбен ауырады деген сөз емес. Туберкулез – бірінші кезекте тұқым қуалайтын ауру емес, жұқпалы ауру. Және аурудың қоздырғышымен соқтығысусыз ауру пайда болмайды.
Рамазан Сейдахметович Бектурганов
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы