ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Айымбекова №1 терапия бөлім меңгерушісі: Туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес! Алдын-ала тексерілу мүмкін нәрсе!
Науқас жөтелгенде, түшкіргенде жақын отырған адамдардан бетін бұрып, аузы мен мұрнын бетпердемен жауып, қолын жиі-жиі жуып, бетпердені күніне бірнеше рет алмастыруға тиіс. Өйткені оған туберкулез микробтары өте көп жиналады. Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шараларын мұқият қараған абзал. Оларды қолына алып сүюіне, бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына, бәрінен бұрын төсекте бірге жатуына болмайды. Науқас адамның меншікті ыдыстары, заттары, төсек орны болуы тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады. Кірлеген төсекті жинау үшін бөлек жәшік немесе қап арналады. Науқасқа күн жақ беттен жеке бөлме берген дұрыс. Оған мүмкіндік болмаса, пайдаланатын орнын белгілеп, шымылдықпен бөлу керек. Науқас адамның төсегі үй қабырғасынан 0,5 метр, ал жанұя мүшелерінен кемінде 1,5 метр қашық салынғаны жөн. Кілем, киіздерді алып тастап, оңай жуылатын, ауру жұқтыруға әсер етпейтін заттарды ғана қалдырады. Кірлегенде бөлек жуады.
Науқас бөлмесінің еденін, қабырғаларды, ыдыс-аяқтарын жууға жеке-жеке шүберек, шелек бөлінуі тиіс. Науқас қақырықты қалта түкіргішіне түкіруі тиіс, ол екеу болғаны жөн, біреуін науқас пайдаланған кезде, екіншісі залалсыздандырылады.