ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Г.Ештаева №3 терапия бөлім меңгерушісі: Бұл ретте біз ауруды уақтылы анықтау үшін тұрғындардың алдын ала флюорографиялық тексеруден өтуге насихаттаумен бірге, халық көп шоғырланған аумақтарда, атап айтсақ, базарлар мен сапаржайларда, ауданнан сыртқары орналасқан елді мекендерде адамдарды флюорографиялық тексеруден үнемі өткізіп тұрамыз. Сонымен бірге, бейімдеу орталығына келіп түсетін нақты тұрақты мекені жоқ азаматтар да жіті тексеріледі. Ауру анықталған жағдайда олар тез арада туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылып, оқшауланып қажетті емін алады. Аймақтағы сырқаттану көрсеткіші жыл сайын жақсарғанмен, күрес жұмыстары тоқтамақ емес. Туберкулезбен күресу тек қана диспансердің, ауруханалардың, медицина қызметкерлерінің жұмысы деп қабылдауды қою керек. Әр адам өз денсаулығы үшін алаңдап, тиісті орындар мен жергілікті жерлердегі басшылар осы дертпен күреске ден қойғанда ғана ауруды жеңуге мүмкіндік туады.