ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Г.Тілегенова №4 терапия бөлімінің меңгерушісі: Қант диабеті, гипертониялық қан қысымы секілді аурулар созылмалы болғандықтан науқастар өмір бойы дәрі-дәрмек қабылдауға мәжбүр болады. Ал туберкулезді жүйелі емдесе, белгілі бір мерзім ішінде толық айықтыруға болады. Бұған қазіргі медицинаның күші жетеді. Дегенмен адамдар «туберкулез» десе үрке қарайды, ем қонбайтын ауру тәрізді сезінеді. Тіпті осы емдеу мекемесінің тұтқасын ұстауға қорқатындар бар. Зертханадағы мамандар олардың қақырықтарын тексереді. Адамдар ауруды жұқтыру мен шалдығудың аражігін ажырата алмайды. Туберкулезге иммунитеті әлсіз адамдар бірінше кезекте шалдығады. Ал ауырмау үшін денені шынықтыру керек. Таза ауаға жиі шыққан пайдалы. Егер әрбір адам күніге 45 минут уақытын физикалық белсенділкке бөлсе, ол адамның иммунитеті мықты болады, кез келген ауруға төтеп береді. Иммунитеті төмен адамға ауру үйір келеді. Қазіргі қоғамда қимыл-қозғалыс жоқтың қасы. Таңертең жұмысқа келген адам кешке дейін қозғалыссыз жұмыс істейді. Осыдан кейін адам стреске, яғни күйзеліске ұшырайды. Ал күйзеліс – туберкулезге шалдығудың бірден бір жолы. Сондай-ақ тұрғындар арасында тағы бір мәселе бар, яғни ауру ерте сатыда анықталса да иттің, борсықтың, балықтың майын ішіп немесе емші жағалап ауруын асқындырып алады. Сондықтан науқастарға айтарымыз, ауру анықталса уақыт оздырмай дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.
Зиянды әдеттер мен калориясы аз диетаға әуестер де баршылық, бұл да организмді әлсіретеді. Сондықтан әр адам өз денсаулығына мұқият қарауы тиіс.