Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

05.02.2020

Бронхоскопиялық зерттеу әдісі қалай жүргізіледі?

         Бронхоскопиялық зерттеу әдісі

         Заманауи эндоскопияның өкпе тыныс алу жүйесі бойынша зерттеу тәсілі  - бронхоскопия саласы деп аталады.

         Бронхоскопия – тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс болып табылады.

         Эндоскопиялық әдістің өкпе-тыныс алу жүйесі бойынша қолданылатын аспап: бронхоскоп деп аталады.

         Осы бронхоскоп аспабын қолдану арқылы – көмекей, кеңірдек және бронх тармақтарының шырышты қабаты мен оның қабырғаларындағы патологиялық өзгерістер тексеріледі. Жарықтандыру жабдықтары және бейне камерамен жабдықталған түтік көмекей арқылы тыныс алу жолдарына енгізіледі. Осы заманауи жабдық пациентке 90 пайыздан жоғары ғылыми зерттеулер дәлдігін қамтамасыз етеді.

         Бұл әр түрлі патологияларда: өкпе туберкулезі, созылмалы бронхиттер, өкпе бронхоэктазы аурулары, өкпе обыры, өкпенің қайталамалы жіті қабынуы, бронтағы бөгде заттар және де басқа да патологияларда таптырмайтын жабдық болып табылады.

         Бронхоскопиялық зерттеуге дайындау үшін: Бір қатар диагностикалық талдаулардан өту қажет.

         1. Өкпенің аумақты рентген суреті, компьютерлік томография.

         2. ЭКГ (электрокардиограмма), кардиотерапевт кеңесі.

         3. Қан анализі (жалпы қан анализі, қанның ұю көрсеткіші,  АИТВ, гепатит және т.б).

         4. Және де пациенттің қосымша науқастарына сәйкес кейбір консультативті кеңесі қажет етіледі.

         Бронхоскопияның жасалу әдісі:

         1. Бронхоскопия тек ашқарынға жүргізіледі. (Шұғыл жағдайларда пациент 5-6 сағат ас қабылдамауы шарт).

         2. Зерттеу күнінде темекі шегуге тиым салынады. (асқынулардың қатерін ұлғайтатын фактор).

         3. Жүрек – қан тамырлар ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін, бронхоскопияға дайындық жекелеп әзірленген бағдарламаға сәйкес жүзеге асады.

         4. Бронхиалды астмамен ауратын адамдарға қажетті ингалятормен жасалынады.  (Демікпенің асқыну сатысы кезеңінде бронхоскопия науқастың жағдайын, дәрігер эндоскописттың бағалауына байланысты жасалынады).

         Әдістеме: Емшараның алдында дәрігер сізден манипулияға келісім беру туралы акт жасауды сұрайды. Дәрігер, пациентпен салдардың ықтималдығы туралы, сондай-ақ тексерудің қауіп – қатері жайлы сұқбаттасады. Зерттеу арнайы жабдықталған бөлмеде жүргізіледі, онда операциялық бөлмедегідей барлық стерилдік талаптар сақталады. Емшараны дайындықтан өткен, арнайы сертификатқа ие дәрігерлер басқарады. Бронхоскопиялық зерттеу әдісі бұйрыққа сәйкес седация тәсілімен жасалынады.

         Бронхоскоп седация (ұйқыда) әдісімен пациентке ауыз немесе мұрын қуыстары арқылы енгізіледі. Төменгі бөліктерге өту барысында дәрігер көмекей, дыбыс байламы, трахеямен бронх тармақтарының ішкі беттерін тексереді.

         Тексеруден соң бронхоскоп мұқият шығарылады. Ал пациент біраз (1 сағат) уақыт дәрігерлердің қадағалауында болады.

         Бронхоскопиядан кейінгі сезімдер: Тамақтың ұю сезімі, мұрын – жұтқыншақтың біршама бітелуі 30 минутқа созылады. Ем шарадан соң, 1 сағат көлемінде темекі шегуге, тамақ, су, дәрілік препараттарды қолдануға, көлік жүргізуге болмайды.   



chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269