Туберкулез - қауіпті жұқпалы сырқаттардың бірі. Сондықтан бұл дерт елімізде тегін емделеді. Ал, мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін жағдай қалай өзгермек?
Бөлiм басшысы қазір елiмiзде туберкулез ауруының алдын алу мақсатында тексеру және емдеудің тегін жүргізілетінін айтты. Маманның мәліметінше, қазір әлеуметтік аурулар мен айналасына қауіп төндіретін аурулар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде емделеді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін бұл тәртіп өзгермейді. Болашақта сақтандыру аясы кеңейтіліп, туберкулез әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегiн емделетін болады», – деп түйіндеді сөзін дәрігер.
Рамазан Сейдахметович Бектурганов
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы