Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Кеңес беру қызметтері

         Туберкулинді диагностика

         Манту  сынамасы-бала ағзасындағы туберкулез микобактериясы жұққандығын анықтайтын тері ішіне қолданылатын арнайы диагностикалық тест.

         Манту сынамасын халық арасында көпшілік екпемен (вакцинамен) шатастырып, оны салдырудан ата-аналар бас тартады. Манту сынамасы-екпе емес! Бала ағзасына ешқандай кері әсері жоқ, жергілікті реакциямен сипатталатын сынама.

         Манту сынамасы туберкулез микобактериясын жұқтырғандығын анықтау мақсатта қауіпті топқа тіркелген балаларға жылына 1 рет, оның ішінде Кальметта-Герена Бацилла вакцинасы жасалынбаған 2 айдан асқан сәбилерге, сонымен қатар  ревакцинация  жасау алдында 6-7 жас жастағы балаларға және туберкулезді алдын алу мақсатында туберкулезді ошақтағы   туберкулезбен байланыста болған балалар мен жасөспірімдерге әр 6 айда міндетті түрде жасалуы қажет.

         Манту сынамасының  қорытындысы оң нәтижелі болса, бала толық қосымша тексерілуден өтіп, фтизипедиатр кеңесіне жолдау барысында ата-аналар тарапынан диагностикаға сенбеушілік әсерінен қиындықтар туындауы мүмкін.

         Манту сынамасын жасау алдында балаларда қарсы көрсеткіш атап айтқанда жедел, созылмалы инфекциялық ошақтар, соматикалық аурулар, тері аурулары, оның ішінде аллергиялық реакциялар болмауы тиіс, болған жағдайда уақытша 2 ай мерзімге тоқтатылып,  аллергиялық  бағытта сынама қойғанға дейін 5 күнге дейін антигистаминді терапия, гипосенсибилизациялық терапия, инфекция ошақтарын санациялау, дегельминизация жүргілген жағдайда, диагностикалық іріктеу мен нақты туберкулез микобактериясының жұққандығын дәлелді түрде анықтауға болады.

         Бала организміндегі туберкулез микобактериясының жұққандығын анықтауда Манту сынамасының маңызы зор. Манту сынамасы арқылы анықталған микобактерияны алдын ала жойып, бала иммунитетін жоғарлатып,  келешекте туберкулез ошағының туындауына жол бермейміз!

         Бала денсаулығын туберкулез микобактериясынан қорғайық,алдын алайық!

         Бронхоскопиялық зерттеу әдісі

         Заманауи эндоскопияның өкпе тыныс алу жүйесі бойынша зерттеу тәсілі  - бронхоскопия саласы деп аталады.

         Бронхоскопия – тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс болып табылады.

         Эндоскопиялық әдістің өкпе-тыныс алу жүйесі бойынша қолданылатын аспап: бронхоскоп деп аталады.

         Осы бронхоскоп аспабын қолдану арқылы – көмекей, кеңірдек және бронх тармақтарының шырышты қабаты мен оның қабырғаларындағы патологиялық өзгерістер тексеріледі. Жарықтандыру жабдықтары және бейне камерамен жабдықталған түтік көмекей арқылы тыныс алу жолдарына енгізіледі. Осы заманауи жабдық пациентке 90 пайыздан жоғары ғылыми зерттеулер дәлдігін қамтамасыз етеді.

         Бұл әр түрлі патологияларда: өкпе туберкулезі, созылмалы бронхиттер, өкпе бронхоэктазы аурулары, өкпе обыры, өкпенің қайталамалы жіті қабынуы, бронтағы бөгде заттар және де басқа да патологияларда таптырмайтын жабдық болып табылады.

         Бронхоскопиялық зерттеуге дайындау үшін: Бір қатар диагностикалық талдаулардан өту қажет.

         1. Өкпенің аумақты рентген суреті, компьютерлік томография.

         2. ЭКГ (электрокардиограмма), кардиотерапевт кеңесі.

         3. Қан анализі (жалпы қан анализі, қанның ұю көрсеткіші,  АИТВ, гепатит және т.б).

         4. Және де пациенттің қосымша науқастарына сәйкес кейбір консультативті кеңесі қажет етіледі.

         Бронхоскопияның жасалу әдісі:

         1. Бронхоскопия тек ашқарынға жүргізіледі. (Шұғыл жағдайларда пациент 5-6 сағат ас қабылдамауы шарт).

         2. Зерттеу күнінде темекі шегуге тиым салынады. (асқынулардың қатерін ұлғайтатын фактор).

         3. Жүрек – қан тамырлар ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін, бронхоскопияға дайындық жекелеп әзірленген бағдарламаға сәйкес жүзеге асады.

         4. Бронхиалды астмамен ауратын адамдарға қажетті ингалятормен жасалынады.  (Демікпенің асқыну сатысы кезеңінде бронхоскопия науқастың жағдайын, дәрігер эндоскописттың бағалауына байланысты жасалынады).

         Әдістеме: Емшараның алдында дәрігер сізден манипулияға келісім беру туралы акт жасауды сұрайды. Дәрігер, пациентпен салдардың ықтималдығы туралы, сондай-ақ тексерудің қауіп – қатері жайлы сұқбаттасады. Зерттеу арнайы жабдықталған бөлмеде жүргізіледі, онда операциялық бөлмедегідей барлық стерилдік талаптар сақталады. Емшараны дайындықтан өткен, арнайы сертификатқа ие дәрігерлер басқарады. Бронхоскопиялық зерттеу әдісі бұйрыққа сәйкес седация тәсілімен жасалынады.

         Бронхоскоп седация (ұйқыда) әдісімен пациентке ауыз немесе мұрын қуыстары арқылы енгізіледі. Төменгі бөліктерге өту барысында дәрігер көмекей, дыбыс байламы, трахеямен бронх тармақтарының ішкі беттерін тексереді.

         Тексеруден соң бронхоскоп мұқият шығарылады. Ал пациент біраз (1 сағат) уақыт дәрігерлердің қадағалауында болады.

         Бронхоскопиядан кейінгі сезімдер: Тамақтың ұю сезімі, мұрын – жұтқыншақтың біршама бітелуі 30 минутқа созылады. Ем шарадан соң, 1 сағат көлемінде темекі шегуге, тамақ, су, дәрілік препараттарды қолдануға, көлік жүргізуге болмайды.   

Туберкулездің белгілері

-әлсіздік, тез шаршау;

-асқа зауқы соқпау, жүдеу;

-3 аптадан аса жөтеліп жүру;

-салмақ жоғалту;

-кеуде қуысының ауырсынуы;

-қан түкіру;

-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;

-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.

         Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты екі күн қатарынан екі рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қақырықты жинау әр уақытта медицина қызметкерінің бақылауы арқылы терең тыныс жолдарынан алынғаны дұрыс. Егер тексерілген қақырықта туберкулез микробоактериясы табылмаса, онда ол науқас рентген арқылы тексерілуі тиіс. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.

         Қант диабеті, гипертониялық қан қысымы секілді аурулар созылмалы болғандықтан науқастар өмір бойы дәрі-дәрмек қабылдауға мәжбүр болады. Ал туберкулезді жүйелі емдесе, белгілі бір мерзім ішінде толық айықтыруға болады. Бұған қазіргі медицинаның күші жетеді. Дегенмен адамдар «туберкулез» десе үрке қарайды, ем қонбайтын ауру тәрізді сезінеді. Тіпті осы емдеу мекемесінің тұтқасын ұстауға қорқатындар бар. Зертханадағы мамандар олардың қақырықтарын тексереді. Адамдар ауруды жұқтыру мен шалдығудың аражігін ажырата алмайды. Туберкулезге иммунитеті әлсіз адамдар бірінше кезекте шалдығады. Ал ауырмау үшін денені шынықтыру керек. Таза ауаға жиі шыққан пайдалы. Егер әрбір адам күніге 45 минут уақытын физикалық белсенділкке бөлсе, ол адамның иммунитеті мықты болады, кез келген ауруға төтеп береді. Иммунитеті төмен адамға ауру үйір келеді. Қазіргі қоғамда қимыл-қозғалыс жоқтың қасы. Таңертең жұмысқа келген адам кешке дейін қозғалыссыз жұмыс істейді. Осыдан кейін адам стреске, яғни күйзеліске ұшырайды. Ал күйзеліс – туберкулезге шалдығудың бірден бір жолы. Сондай-ақ тұрғындар арасында тағы бір мәселе бар, яғни ауру ерте сатыда анықталса да иттің, борсықтың, балықтың майын ішіп немесе емші жағалап ауруын асқындырып алады. Сондықтан науқастарға айтарымыз, ауру анықталса уақыт оздырмай дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.

         Зиянды әдеттер мен калориясы аз диетаға әуестер де баршылық, бұл да организмді әлсіретеді. Сондықтан әр адам өз денсаулығына мұқият қарауы тиіс.       

         Біз ауруды уақтылы анықтау үшін тұрғындардың алдын ала флюорографиялық тексеруден өтуге насихаттаумен бірге, халық көп шоғырланған аумақтарда, атап айтсақ, базарлар мен сапаржайларда, ауданнан сыртқары орналасқан елді мекендерде адамдарды флюорографиялық тексеруден үнемі өткізіп тұрамыз. Сонымен бірге, бейімдеу орталығына келіп түсетін нақты тұрақты мекені жоқ азаматтар да жіті тексеріледі. Ауру анықталған жағдайда олар тез арада туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылып, оқшауланып қажетті емін алады. Аймақтағы сырқаттану көрсеткіші жыл сайын жақсарғанмен, күрес жұмыстары тоқтамақ емес. Туберкулезбен күресу тек қана диспансердің, ауруханалардың, медицина қызметкерлерінің жұмысы деп қабылдауды қою керек. Әр адам өз денсаулығы үшін алаңдап, тиісті орындар мен жергілікті жерлердегі басшылар осы дертпен күреске ден қойғанда ғана ауруды жеңуге мүмкіндік туады.

         Осы сырқатпен толық емделіп шыққан кейбір азаматтар отбасына оралған соң қайта науқастанып қалады. Себебі оның құнарлы тамақ ішіп, әлденуіне үйінде жағдай жасалмаған. Отбасындағы қым-қуыт мәселе, үнемі шаршау, жұмыссыздық, күйзеліс адамның қорғаныш қабілетін қайта әлсіретеді. Сондықтан бұндай науқастарға барынша көмек көрсету қажет. Осы мақсатта да біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Қалалық және облыстық емхана көлемінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастырып, туберкулездің алдын алып, есепте тұрған науқастарды туберкулез ошағында СЭС-пен бірге ҚР ДСМ №994 бұйрығы негізінде «Д» есепте бақыланады. Туберкулездің алдын алу мақсатында санитарлық эпидемиологиялық стансасы, перзентханалар және басқада емдеу алдын алу мекемелерімен Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасы мен ревакцинация жасауды жоспарлайды. Сонымен қатар кәсіпорындарда бактерия бөлетін науқастардың жұмыс орындарын сауықтыруға қатысады. Емхана науқастарды үнемі бақылап отыру, еңбекке қабілеттілігін анықтап, сараптама жасап, мамандандырылған медициналық әлеуметтік сараптамаға жіберу жұмыстарында атқарады.

         Туберкулездің негізгі жұғатын көзі туберкулез микробтарын тарататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, ән айтқанда түкірікпен, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауптісі ол ауада таралып, бір сағаттан көп уақыт сақталады. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға араласады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның өкпесіне енеді. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен, кір қолынан және сүйіскен кезде жұғады. Сол сияқты туберкулезбен ауыратын үй жануарлары да: сиыр, түйе, доңыз туберкулез ауруын таратады. Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін және ет өнімдерін дұрыс өңделмей пайдаланылған жағдайда немесе тауықтың жұмыртқасын пісірмей жегенде жұғады. 

         Әрине, туберкулез тұқым қуалайтын ауру емес. Бірақ, өзге барлық бірдей жағдайда бір адамдар ауруға шалдығатыны, ал басқалары сау қалпында қалатыны байқалады. Және де туберкулезге шалдыққан адаммен тұрмыстық қарым-қатынаста болған адамдардың ішінен күйеуі немесе әйелімен салыстырғанда қандас туысқандары жиі ауырады. Қазіргі таңда нақты гендер мен туберкулездің даму ықтималдығы арасында байланыс жан-жақты зерттелуде. Мен туберкулезді тұқым қуалайтын аурулардың мультифакторлық тобына жатқызатын мамандар қатарындамын. Бұл аурулар – қоршаған ортаның қолайсыз факторлары мен ауруға гендік бейімділік қауіп-қатер факторларының бірлесе отырып әсер ету салдарынан пайда болатын аурулар. Бұл аурулар тобына адамның жүрек-қан тамыр, тыныс алу, эндокринді және басқа да жүйелерінің созылмалы ауруларының басым көршілігі жатады. Сонымен қатар, кейбір жұқпалы аурулар, туберкулезді қоса жатады. Өйткені кейбір жағдайларда туберкулезге деген сезімталдық тұқым қуалаумен байланысты болады. Алайда, мынаны анық түсініп алу керек: туберкулез ауруына шалдығуға бейімділік – адам міндетті түрде туберкулезбен ауырады деген сөз емес. Туберкулез – бірінші кезекте тұқым қуалайтын ауру емес, жұқпалы ауру. Және аурудың қоздырғышымен соқтығысусыз ауру пайда болмайды.

         Туберкулез ауа арқылы таралып, жұғады. Инфекцияның негізгі көзі-өкпе туберкулезіне шалдығып, тиімді ем қабылдамай жүрген науқас адам. Түшкірген және жөтелген ол ауаға Кох таяқшалары бар ұсақ тамшылар аэрозолін бөледі. Бұл аэрозоль ұзақ уақыт бойы ауада сақталады. Сондықтан желденбейтін бөлмеде ол тыныс алу кезінде ауа арқылы басқа адамның ағзасына түсуі мүмкін. Бұл бөлшектер өкпеге түсіп, инфекцияны жұқтырады және иммунитеті төмен болса немесе науқас адаммен (инфекция көзімен) ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда ауру пайда болуы мүмкін.

         Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) статистикасына сәйкес әлемдегі адамдардың үштен бірі туберкулез микобактерияларын жұқтырады, бірақ, бұл адамдардың 10 % - ға туберкулезбен ауырады.

         Туберкулез қол алысу, ортақ тіс щеткалары немесе төсек орын жабдықтары арқылы жұқпайды. Тіпті сен туберкулезге шалдыққан науқаспен бір тәрелкеден тамақ жеп, бір стақаннан су ішсең де туберкулез саған жұқпайды.

Туберкулезді қалай тез айқындауға болады

1.               Gene XPERT MTB/RIF молекулярлық және генетикалық тәсілі туберкулез қоздырушысын 2 сағат ішінде айқындайды және рифампицинге көнбейтін түрлерін анықтайды.

2.               Қақырық микроскопиялық зерттеу жөтел болған жағдайда қақырықты микроскоппен қарап зерттейді. Бұл тәсілдің басымдығы – айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы науқастарды айқындайды.

3.               Кеуде клеткаларының флюорографиясы өкпе тіндеріндегі өзгерістерді анықтайды.

4.               Манту сынамасы және диаскинтест – балалардағы туберкулезді айқындаудың негізгі тәсілі болып табылады.

 

Қандай адамда туберкулезге шалдығу қаупі басым болады?

Туберкулезге шалдығу қаупі мына адамдарда басым болады:

-        Туберкулезге шалдыққан науқаспен бір пәтерде, жатақханада тұратын;

-        АИТВ инфекциясын жұқтырған;

-        Қамаудағы;

-        Өкпенің созылмалы ерекше емес ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен және иммуносупрессивті ем қабылдайтын диспансерлік есепте тұрған.

         Қазір елiмiзде туберкулез ауруының алдын алу мақсатында тексеру және емдеудің тегін жүргізіледі. Әлеуметтік аурулар мен айналасына қауіп төндіретін аурулар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде емделеді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін бұл тәртіп өзгермейді. Болашақта сақтандыру аясы кеңейтіліп, туберкулез әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде тегiн емделетін болады».

          Молекулярлы-генетикалық тәсіл Xpert MTB/RIF қондырғысының қолданылу маңыздылығы?

         Әлемдегі барлық елдердің денсаулық сақтау ұйымдарының басты мәселесі ретінде туберкулез жұқпасының туберкулезге қарсы препараттардың көптеген дәріге тұрақты түрі болып отыр. Ауырудың қоздырғышы изониозид, рифампицинге төзімді болғандықтан туберкулезді емдеу барсында бактериялар жойылмайтындықтан, ауру жазылмайды. Осы жоғарғыда айтылған мәселердің алдын алу үшін, 2010 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен молекулярлы-генетикалық тәсіл Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы жұмысқа қосылды.

         Біздің бактериологиялық зертханада микробиологиялық ізденіс іс- шара жұмыстарын алға жылжыту мақсатында 2013 жылы мамыр айынан бастап молекулярлы –генетикалық тәсіл Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы жұмысқа қосылған.

         Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы көптеген дәріге тұрақтылық жұмысын жылдамдатады. Қазіргі уақытта бұл қондырғы диагнотикалық мақсатта қолданылуда. Gene/Xpert MTB/RIF қондырғысы 2- сағат аралықта түберкулез қоздырғышын және оның рифампицинге тұрақтылығын анықтап береді.

         Түркістан облысында бактериологиялық қызметінің жұмысы фтизиатр дәрігерлерге науқастарды емдеу барысында көп көмек көрсетуде. Жаңадан есепке алынған науқастардың ішінде көптеген дәріге тұрақтылық жылдам анықталып, екінші қатардағы дәрімен емдеу уақтысы қысқартылып, науқастарды уақтылы оқшаулау жұмысы барысында эпидемиологтарға үлкен көмек көрсетіліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысын, туберкулезге қарсы күрес ақпараттарын және Түркістан облысындағы эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, қазіргі уақытта Түркістан облысында қалалық, аудандық БМСК ұйымдарына Gene/Xpert MTB/RIF қондырғысы орналастырылды. Атап айтқанда:

1.     №3 Шымкент қалалық емхана;

2.     №7 Шымкент қалалық емхана;

3.     Түркістан қалалық емхана;

4.     Кентау қалалық емхана;

5.     Ордабасы аудандық аурухана;

6.   Түлкібас аудандық аурухана;

7.   Жетісай аудандық орталық аурухагна;

8.   Сарыағаш аудандық ауруханасында қазіргі таңда молекулярлы –генетикалық тәсілмен жұмыс атқаруда.

         Туберкулезге күдікті науқастады диагностикалық мақсатта молекулярлы-генетикалық тәсілмен тексеру қарқыны 2018 жылы 73 пайызды құраса 2019 жылы 86 пайызды құрап отыр.


chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269