Жаңалықтар
Мерекелік шара өтті
Түркістан облысы “Облыстық фтизиопульмонология орталығында” 25 қазан Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынды орталық басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рамазан Бектурганов ашып, барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Сонымен бірге, республика деңгейінде туберкулездің жойылуы жолында әрбір қызметкердің орны ерекше екенін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мереке қарсаңында орталығымыздың бірнеше қызметкері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, Мониторинг және бағалау тобының жетекшісі, білікті маман Талғат Ақбаев ҚР ДСМ “Медицина саласының үздігі” төс белгісімен марапатталса, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Сейдалиеваға ҚР ДСМ “Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ ҚР ДСМ “Құрмет” грамотасымен 2-терапия бөлімінің меңгерушісі Жанна Наурызбаева, Түркістан облыстық Мәслихат грамотасымен хирургия бөлімінен Қалау Баймурзаев, “Аманат” партиясының “Алғыс хатымен” орталықтың тіс дәрігері Қанат Сауранов марапатталды.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында бірнеше қызметкер орталық басшысы Рамазан Сейдахметовичтің атынан “Құрмет грамотасымен” және “Алғыс хатпен” марапатталды. Барлық марапат иелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.
×
Артқа қайту