Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қызметтер

Лицензия


Көрсетілетін қызметтер
Рентген-флюорография бөлімшесі

rentgen1.jpgrentgen2.jpgrentgen3.jpg

Рентген-флюорография бөлімшесі облыс бойынша туберкулездің алдын алу, онымен күресу мақсатында маңызды істер атқарады. Бөлімше уақыт талабына сай сандық, компьютерлік және рентгенологиялық, флюорографиялық қондырғылармен жабдықталған. Рентгенологиялық әдіс туберкулездің алдын алуда ең тиімді зерттеу болып табылады. Науқастарға рентгенологиялық тексеру жүргізгеннің арқасында нақты қорытынды беріледі. Рентген-флюорография бөлімшесінде жоғары және бірінші дәрежелі 7 рентгенолог- дәрігерлер мен 17 рентген лаборанттар қызмет жасайды.

Рентген-флюорография бөлімшесінде стационарлық 7 аппарат: «Opera T-90» Италия, «Ардиагност-8» Қазақстан, және палаталық 4 рентген аппарат «SHIMADZU» Япония, Movix Италия, Basic-4003 Италия; сонымен қатар 3 стационарлық флюорографиялық аппараттар: 12Ф9 Ресей, 2 сандық Барс-Ренекс Ресей. Сондай-ақ 3 жылжымалы флюороқондырғы КРФ 111, КРФ 112 жұмыс істейді. Пленкалы КРФ 111 жылжымалы флюороқондырғысы облыстық әскери коммисариатында орнатылған, ол жерде азаматтарды әскери қызметке қабылдау кезінде флюорографиялық тексеру жүргізеді.

Жылжымалы флюороқондырғы жоспар бойынша облыс төңірегінде халық арасындағы туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын «қауіпті», «міндетті» және баска топқа жататын адамдарды тексеруден өткізеді.

Бөлімшеде рентгенологиялық зерттеулердің барлық түрі жасалады: рентгенография, рентгеноскопия, томография, урография, фистулография, контрастты зерттеулер, сүйек-буын рентгенографиясы.

Туберкулез ауруын аңықтаудың рентгенологиялық тәсілдері: Флюорографиялық тәсіл бұл тұрғындарды жаппай тексеруден өткізу кезінде қолданылады. Рентгенографиялық тәсіл: өкпені рентгенологиялық тексеру кеуденің алдынғы тура бағытты аумақты сурет бүйірден оң және сол жақтан түсіріледі. Бүйірден түсірілген рентгенограммалар паталогиялық процесстердің өкпе бөліктерінің және сегменттерінің қай жерінде орналасқанын анықтайды. Томографиялық тәсіл: қатпарлы бөліктелген (послойно) рентгенологиялық тексеріс өкпе ауруларының диагностикасындағы негізі тәсілдердің бірі болып табылады. Зонографиялық тәсіл: өкпедегі рентген және телекөріністі күшейтетін электронды-оптикалық құрал қолданылады. Бронхографиялық тәсіл: бронхыларға контрасты жіберу арқылы зерттеу. Сондай-ақ плеврографиялық, диагностикалық пневмоторакс, экскреторлық урография рентгенологиялық тексеру тәсілдері бар.

Бөлім меңгерушісі – Усивалиева Салтанат Жамбылқызы    

Бактериологиялық зертхана

bakter1.jpgbakter2.jpg

Бактериологялық зертханада микробиолгиялық ізденіс іс шаралары жылдан жылға дамып келеді.

Қазіргі уақытта бактериологиялық тәсілдің, Левенштейн қоректік ортасында дақылды өсіріп, туберкулез қоздырғыштарының ферментатифтік белсенділігін, вируленттілігін, типін анықтауға туберкулез клиникасында маңызы зор. Дегенмен бұл тәсіл ұзақ уақыт алады.

Біздің зертханада микробиологиялық ізденіс жұмысын алға жылжыту мақсатында 1999 жылы Бактек-960 қондырғысы жұмысқа қосылды. Бұл қондырғы туберкулез қоздырғыштарының өсу қабілетін екі есе жылдамдатты. Бактек-960 қондырғысы туберкулез қоздырғыштарының 5-10 күн аралығында, теріс мәндерін 42 күн аралығында шығарып береді. Дәріге сезімталдық: бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттардың қорытындысы 13 күн аралығында, екінші қатар 21 күн аралығында өсіп шығады.

Молекулярлы-генетикалық тәсіл Xpert MTB/RIF қондырғысының қолданылу маңыздылығы.

Қазіргі таңда әлемдегі барлық елдердің денсаулық сақтау ұйымдарының басты мәселесі ретінде туберкулез жұқпасының туберкулезге қарсы препараттардың көптеген дәріге тұрақты түрі болып отыр. Ауырудың қоздырғышы изониозид, рифампицинге төзімді болғандықтан туберкулезді емдеу барсында бактериялар жойылмайтындықтан, ауру жазылмайды. Осы жоғарғыда айтылған мәселердің алдын алу үшін, 2010 жылы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен молекулярлы-генетикалық тәсіл Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы жұмысқа қосылды.

Біздің бактериологиялық зертханада микробиологиялық ізденіс іс- шара жұмыстарын алға жылжыту мақсатында 2013 жылы мамыр айынан бастап молекулярлы –генетикалық тәсіл Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы жұмысқа қосылған.

Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы көптеген дәріге тұрақтылық жұмысын жылдамдатады. Қазіргі уақытта бұл қондырғы диагнотикалық мақсатта қолданылуда. Gene/Xpert MTB/RIF қондырғысы 2- сағат аралықта түберкулез қоздырғышын және оның рифампицинге тұрақтылығын анықтап береді.

Түркістан облысында бактериологиялық қызметінің жұмысы фтизиатр дәрігерлерге науқастарды емдеу барысында көп көмек көрсетуде. Жаңадан есепке алынған науқастардың ішінде көптеген дәріге тұрақтылық жылдам анықталып, екінші қатардағы дәрімен емдеу уақтысы қысқартылып, науқастарды уақтылы оқшаулау жұмысы барысында эпидемиологтарға үлкен көмек көрсетіліп отыр. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысын, туберкулезге қарсы күрес ақпараттарын және Түркістан облысындағы эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, қазіргі уақытта Түркістан облысында қалалық, аудандық БМСК ұйымдарына Gene/Xpert MTB/RIF қондырғысы орналастырылды. Атап айтқанда:

- №3 Шымкент қалалық емхана;
- №7 Шымкент қалалық емхана; 
- Түркістан қалалық емхана;
- Кентау қалалық емхана;
- Ордабасы аудандық аурухана;
- Түлкібас аудандық аурухана;
- Жетісай аудандық орталық аурухана; 

Сарыағаш аудандық ауруханасында қазіргі таңда молекулярлы –генетикалық тәсілмен жұмыс атқаруда.

Туберкулезге күдікті науқастады диагностикалық мақсатта молекулярлы-генетикалық тәсілмен тексеру қарқыны 2018 жылы 73 пайызды құраса  2019 жылы 86 пайызды құрап отыр.

Accupower Пцр қондырғысы облыстық туберкулезге қарсы диспансер орталықтандырылған зертханасының микробиологиялық ізденіс жұмыстарын өркендету мақсатында 2018 жылы қазан айында жұмысқа қосылды. Accupower Пцр қондырғысы туберкулез қоздырғышының көптеген дәріге тұрақтылығы анықтауға және екінші қатар дәрілерінің тұрақтылығын анықтап емдеу жұмысын жылдамдатады. Фтизиатр дәрігерлерінің емдеу жұмысының нәтижесіне көптен –көп көмегі бар. Туберкулез қоздырғыштарының   бірінші қатар және екінші қатар дәрілеріне тұрақтылықтарын анықтап науқастарды оқшаулауға көмектеседі.

Бөлім меңгеруішісі – Утегенова Назира Тасманқызы, жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 26 жыл.

Бөлімде 6 дәрігер қызмет атқарады. Барлығы 2 дәрігер жоғары санатты, 1 дәрігер 1 санатты. 3 дәрігер маман сертификатымен қызмет атқаруда.

Фельдшер лаборанттар 14, оның ішінде 3 жоғары санатты, 9 бірінші санатты, 2 маман сертификатпен қызмет атқарады.



chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269