Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Клиникалық қызметтер

Рентген-флюорография бөлімшесі

Рентген-флюорография бөлімшесі

РЕНТГЕН – ФЛЮОРОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ

Рентген-флюорография бөлімшесі облыс бойынша туберкулездің алдын алу, онымен күресу мақсатында маңызды істер атқарады. Бөлімше уақыт талабына сай  сандық, компьютерлік және рентгенологиялық, флюорографиялық қондырғылармен жабдықталған. Рентгенологиялық әдіс туберкулездің алдын алуда ең тиімді зерттеу болып табылады. Науқастарға рентгенологиялық тексеру жүргізгеннің арқасында нақты қорытынды беріледі. Рентген-флюорография бөлімшесінде жоғары және бірінші дәрежелі 7 рентгенолог- дәрігерлер мен 17 рентген лаборанттар қызмет жасайды.

Рентген-флюорография бөлімшесінде стационарлық 7 аппарат: «Opera T-90» Италия,  «Ардиагност-8» Қазақстан, және палаталық 4 рентген аппарат «SHIMADZU» Япония, Movix Италия, Basic-4003 Италия; сонымен қатар 3 стационарлық флюорографиялық аппараттар: 12Ф9 Ресей, 2 сандық Барс-Ренекс Ресей. Сондай-ақ 3 жылжымалы флюороқондырғы  КРФ 111, КРФ 112 жұмыс істейді.  Пленкалы КРФ 111 жылжымалы флюороқондырғысы облыстық әскери коммисариатында орнатылған, ол жерде азаматтарды әскери қызметке қабылдау кезінде  флюорографиялық тексеру жүргізеді.

Жылжымалы флюороқондырғы жоспар бойынша облыс төңірегінде халық арасындағы туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын «қауіпті», «міндетті» және баска топқа жататын адамдарды тексеруден өткізеді.

Бөлімшеде рентгенологиялық зерттеулердің барлық түрі жасалады: рентгенография, рентгеноскопия, томография, урография, фистулография, контрастты зерттеулер, сүйек-буын рентгенографиясы.

Туберкулез ауруын аңықтаудың рентгенологиялық тәсілдері: Флюорографиялық тәсіл бұл тұрғындарды жаппай тексеруден өткізу кезінде қолданылады. Рентгенографиялық тәсіл: өкпені рентгенологиялық тексеру кеуденің алдынғы тура бағытты аумақты сурет бүйірден оң және сол жақтан түсіріледі. Бүйірден түсірілген рентгенограммалар паталогиялық процесстердің өкпе бөліктерінің және сегменттерінің қай жерінде орналасқанын анықтайды. Томографиялық тәсіл: қатпарлы бөліктелген (послойно) рентгенологиялық тексеріс өкпе ауруларының диагностикасындағы негізі тәсілдердің бірі болып табылады. Зонографиялық тәсіл: өкпедегі рентген және телекөріністі күшейтетін электронды-оптикалық құрал қолданылады. Бронхографиялық тәсіл: бронхыларға контрасты жіберу арқылы зерттеу. Сондай-ақ плеврографиялық, диагностикалық пневмоторакс, экскреторлық урография рентгенологиялық тексеру тәсілдері бар.

Бөлім меңгерушісі – Усивалиева Салтанат Жамбылқызы  

Возврат к списку


chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269