ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Профиль-Емханаға келген пациенттерді тіркеу орнынан КМИС бағдарламасы бойынша науқасқа электрондық карта ашып дәрігерлік консультативті кеңес беру. Дәрігер фтизиатр клинико- зертханалық, рентгенологиялық зерттеулердің нәтижелерін қорытындылап, кеңес береді. Науқастың стационарлық немесе амбулаторлы ем алуын қамтамасыз етеді.
Емхана меңгерушісі: Мырзатаева Айгуль Ақылбаевна біліктілігі жоғарғы санатты дәрігер-фтизиатр. Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі -24 жыл. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің ОДКК- мүшесі. ҚР ДСМ Ұлттық-ғылыми фтизио-пульмонологиялық орталығы және ОҚМА базаларында білімін үнемі жетілдіріп отырады.
Емхана бөлімінің негізгі қызметі:
1. Келген науқастарға консультативті кеңес беру: а)Тіркеу орнында КМИС бағдарламасы бойынша науқасқа электрондық карта ашып,науқасты дәрігер фтизиатр қабылдауына жіберу.
б)Дәрігер фтизиатрды қабылдап ,лабораториялық,рентгенологиялық тексерулерге жіберу.
в)Клиникалық зертханада жалпы қан анализдерін,қажет жағдайда,несеп анализдерінжасау,микрореакция анықтау.
г)Рентген флюорографиялық бөлімінде рентген томографиялық тексеруден өткізу.
д)Бактериологиялық зертханада қақырықты бакскопиялық,бак егу анализдерін тексеру,өкпеден тыс туберкулезді жағдайда плевра,несеп анализін бактериологиялық тексеруге алу.
2.Тұрғындар арасында туберкулез бойынша санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу,келген науқастар арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында әңгіме,сауалнама жүргізу.
3.Диагностика күмәнді болған жағдайда бөлімшелердің меңгерушілерін ,бас дәрігердің орынбасарларының қатысуымен косилиум жасалынады,дифференциялды диагностика жасалынады.Қосымша қажетті зерттеулер жасалынады.(ЭКГ,ФБС,УЗИ)
4.Туберкулез анықталған жағдайда қақырық анализінің нәтижелеріне қарай стационарлық емге жоспарлы түрде порталмен жатқызу.Туберкулез анықталмаған жағдайда керекті маманға кеңес алуға жергілікті мекен жайы бойынша тіркелген емханасына жолдау.
5.Учаскелік фтизиатрлар тарапынан аурудың алдын алу,емдеу, ауыру айыру,санитарлық-ағарту,эпидемияға қарсы және басқа туберкулезге қарсы шаралар жоспарларын жасау және оларды іс-жүзінде жүзеге асыру.
6.Туберкулезге бірінші рет шалдыққан барлық науқастармен,оларды есепке алу алдын кеңес жүогізеді және электронды түрде КМИС бағдарламасы бойынша амбулаторлық карталарын толтырады.
7.Науқастарды диспансерлік есепке алып,стационарға жатқызып,емдеуге алынуын қамтамасыз етеді.
8.Облыс бойынша туберкулезбен ауырған науқастарды республикалық ұлттық регистрге тіркеуді қамтамасыз етеді.
9.Түркістан облысы бойынша тұрғындарға талап ету орыны бойынша диспансерлік тіркеуде
тұрмайтындығы жөнінде анықтама береді.
Емхана бөлімінде:5-дәрігер, 7-медбике,3-кіші буынды қызметкер жұмыс істейді.
Бөлім меңгерушісі:Мырзатаева.А.А –жоғарғы санатты дәрігер-фтизиатр.
Серикбаев.С.А 1-санатты дәрігер-фтизиатр. Жолаев.М.К 1-санатты дәрігер-фтизиатр.
Шиндаулов.Ш.Т. 2-санатты дәрігер-фтизиатр. Сауранов.Қ.А. тіс-дәрігері санаты жоқ.
Емхана бөлімінің аға медбикесі: Бердібекова.С.А. жоғарғы санатты медбике.
Тойчибекова.Р,Жусипова.Г.Ж -жоғарғы санатылағы тұрақты медбикелер.Серикбаева Ж.Е жоғарғы санатты медбике,Курбанкулова Н.К –медбике жоғарғы санатты.
Сулейменова.Ж.Ә. 2-санатты медбике. Кулбаева.Ұ.Қ. санаты жоқ.