ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Бөлімше 40-төсек орынға арналған. Бөлімшеде:
Өкпе туберкулезімен алғаш рет және қайталап сырқаттанған, сондай-ақ туберкулездің қосарланған түріне шалдыққан, өкпелік және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастар (сүйек және буын туберкулезі, несеп жолдары, іш қуысы мүшелері, көз, туберкулездік перифериялық лимфоаденопатия), қақырығында туберкулез таяқшасын бөлетін және бөлмейтін науқастар;
-І , ІV санат тыныс алу мүшелері туберкулезінің белсенді түрі алғаш анықталған;
-жалпы емдеу мекемелерінен жолданған дифференциалды диагноз жүргізу қажеттігі бар науқастар емделеді.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулездің бір немесе бірнеше дәрілерге тұрақты түрлерін ерте анықтау, емдеү.
2.Аудан деңгейінде және біріншілік медициналық әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарына, босану үйлеріне консультативтік тәжірибелік көмекті ұйымдастыру.
3.Стандартты тексерістер кезінде заманауи диагностикалық әдістерді қолдану.
4.Балаларда туберкулезді ерте диагностикалау мақсатында ТМБ-да индукцияланған қақырықты зерттеу кеңінен қолданылады, молекулалық-генетикалық әдістермен – 100 % тексерумен қамтылады.
5.Науқастарға стандартты және жеке химиотерапия курстарын тікелей медицина қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізу. Инфекциялық бақылау және тікелей бақыланатын емдеу принциптері қатаң сақталады.
6.Тыныс жолдарының басқада ауруларымен туберкулездің ажыратпалы диагностикасын жүзеге асыра отырып, науқастардың қосымша сырқатын жеке мамандардың кеңесін пайдалана отырып емдеу тактикасын ұйымдастыру.
7.Туберкулезге қарсы дәрілердің кері әсерлерін дер кезінде жою мақсатында анықтау және алдын алу іс шараларын ұйымдастыру.
8.Бөлімшеде патогенетикалық және көрсетілімге байланысты симптоматикалық, сонымен қатар физиоемдер мен ингаляторлар қолданылады.
9.Білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсету арқылы емнің тиімділігін арттырып, науқастардың жағдайының жақсаруына қысқа уақыт аралығында қол жеткізуде.
Облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанында жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша балаларды орыс және қазақ тілдерінде оқытатын орта мектеп жұмыс істейді. Оқушылармен сабақ жүргізу үшін компьютерлік сынып бар. Музыка және бейнелеу өнері бойынша факультативтік сабақтар өткізіледі. Мерекеде мұғалімдер және оқушылар күшімен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі: ойын-сауық, оқыту, спорттық.
Клиника құрылымында орта мектептің болуы емдеу процесін оқумен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бөлім меңгерушісі: Исмайлова Хасият Халибековна– I санатты дәрігер фтизиопедиатр. Фтизиатрия саласындағы еңбек өтілі – 20 жыл. Үнемі ҚР ҰҒФО және ОҚМА да біліктілігін жетілдіріп отырады.
Дәрігер-ординаторлар:
1.Әлмен Нағима Темурқызы, жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 15 жыл. Үнемі ОҚМА да фтизиатрия саласы бойынша біліктілігін жетілдіріп отырады.
2.Кожабекова Газиза Кыдирбековна, екінші санатты дәрігер, еңбек өтілі 7 жыл.
ОҚМА да фтизиатрия және пульмонология саласы бойынша біліктілігін жетілдіріп отырады.
Бөлімшеде 17 мейірбике жұмыс атқарады , оның 13-ы жоғары біліктілік санаты бар, 4 –маман сертификаты. Барлық дәрігерлер мен мейірбикелер біліктілікті арттыру курстарында кәсіби шеберлігін жетілдіреді.
Бөлімше туралы және емдеу бойынша толығырақ ақпаратты Сіз мына телефондар бойынша біле аласыз: 8-707-944-69-43
электрондық пошта: kasiet1974@mail.ru.