ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
35 төсек орынға арналған:
Өкпе туберкулезімен алғаш рет және қайталап сырқаттанған, сондай-ақ туберкулездің қосарланған түріне шалдыққан, өкпелік және өкпеден тыс, қақырығында туберкулез таяқшасын бөлмейтін, І қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге сезімталдық сақталатын науқастарды емдейді.
Бөлім меңгерушісі: Отызбаев М.Ә – дәрігер фтизиатр. Денсаулық саласындағы еңбек өтілі – 8 жыл. .
Дәрігер-ординаторлар:
Оралбаев Нысанбек Қурманалиұлы, бірінші санатты дәрігер, еңбек өтілі 13 жыл
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының « Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулездің бір немесе бірнеше дәрілерге тұрақты түрлерін ерте анықтау.
2. Аудан деңгейінде және біріншілік медициналық әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарына, босану үйлеріне консультативтік тәжірибелік көмекті ұйымдастыру
3. Стандартты тексерістер кезінде заманауи диагностикалық әдістерді қолдану.
4. Науқастарға стандартты және жеке химиотерапия курстарын тікелей медицина қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізу.
5. Тыныс жолдарының басқада ауруларымен туберкулездің ажыратпалы диагностикасын жүзеге асыра отырып, науқастардың қосымша сырқатын жеке мамандардың кеңесін пайдалана отырып емдеу тактикасын ұйымдастыру.
6. Туберкулезге қарсы дәрілердің кері әсерлерін дер кезінде жою мақсатында анықтау және алдын алу іс шараларын ұйымдастыру.
7. Бөлімшеде патогенетикалық және көрсетілімге байланысты симптоматикалық, сонымен қатар физиоемдер мен инголяторлар қолданылады.
8. Білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсету арқылы емнің тиімділігін арттырып, науқастардың жағдайының жақсаруына қысқа уақыт аралығында қол жеткізуде