Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Клиникалық қызметтер

№5 ересектерге арналған терапия бөлімі/көптеген дәріге төзімді туберкулез.

№5 ересектерге арналған терапия бөлімі/көптеген дәріге төзімді туберкулез.
Ересектерге арналған V-терапия бөлімі/көптеген дәріге төзімді туберкулез.
35 төсек орынға арналған:
Өкпе туберкулезімен қайталап сырқаттанған, сондай-ақ туберкулездің қосарланған түріне шалдыққан, өкпелік және өкпеден тыс, қақырығында туберкулез таяқшасын бөлмейтін, ІІ қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге сезімталдық сақталатын науқастарды емдейді.
Бөлім меңгерушісі: Аралбаева Куралай Тулебаевна – бірінші санатты дәрігер фтизиатр. Денсаулық саласындағы еңбек өтілі – 24 жыл. Үнемі ҚР ҰҒФО және ОҚМА-да біліктілігін жетілдіріп отырады.
Дәрігер-ординаторлар:
Муратбаева Алма Имангалиевна, жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 28 жыл
Камал Кадыржан Боранбаевич, бірінші санатты дәрігер, еңбек өтілі 8 жыл

Бөлімшенің негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулездің бір немесе бірнеше дәрілерге тұрақты түрлерін ерте анықтау, және емдеу.
2. Аудан деңгейінде және біріншілік медициналық әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарына, босану үйлеріне консультативтік тәжірибелік көмекті ұйымдастыру
3. Стандартты тексерістер кезінде заманауи диагностикалық әдістерді қолдану.
4. Науқастарға стандарты, қысқа мерзімді ем және жеке химиотерапия курстарын тікелей медицина қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізу.
5. Тыныс жолдарының бейспецификалық ауруларымен туберкулездің ажыратпалы диагностикасын жүзеге асыра отырып, науқастардың қосымша сырқатын қажетті мамандардың кеңесін пайдалана отырып емдеу тактикасын ұйымдастыру.
6. Туберкулезге қарсы дәрілердің кері әсерлерін дер кезінде жою мақсатында анықтау және алдын алу іс шараларын ұйымдастыру.
7. Бөлімшеде патогенетикалық және көрсетілімге байланысты симптоматикалық, сонымен қатар физиотерапия емдері мен инголяторлар қолданылады.
8. Білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсету арқылы емнің тиімділігін арттырып, науқастардың жағдайының жақсаруына қысқа уақыт аралығында қол жеткізуде Бөлімшеде 21 медбике науқастарға қызмет етіуі, жоғары санатта-17, I-ші санатты – 5

Возврат к списку


chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269