Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Клиникалық қызметтер

№4 ересектерге арналған өкпе туберкулезі терапия бөлімі

№4 ересектерге арналған өкпе туберкулезі терапия бөлімі

40 төсек орынға арналған:

          Өкпе туберкулезімен алғаш рет және қайталап сырқаттанған, сондай-ақ туберкулездің қосарланған түріне шалдыққан, өкпелік және өкпеден тыс, қақырығында туберкулез таяқшасын бөлетін, І қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге сезімталдық сақталатын науқастарды емдейді.

Бөлім меңгерушісі: Тилегенова Г.Қ. – жоғары санатты дәрігер фтизиатр. Денсаулық саласындағы еңбек өтілі – 24 жыл. ОТҚД-ң ОДКК мүшесі, туберкулездің І қатардағы дәрілік препараттарға сезімтал формасы бойынша координатор. Үнемі ҚР ҰҒФО және ОҚМА да біліктілігін жетілдіріп отырады.

Дәрігер-ординаторлар:

Заварницына Елена Владимировна, жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 14 жыл

Нуржанов Бауыржан Базарбаевич, екінші санатты дәрігер, еңбек өтілі 9 жыл

Көптілеуов Расұлбек Өтемісұлы, дәрігер ординатор.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

1.      Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулездің бір немесе бірнеше дәрілерге тұрақты түрлерін ерте анықтау.

2.      Аудан деңгейінде және біріншілік медициналық әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарына, босану үйлеріне консультативтік тәжірибелік көмекті ұйымдастыру

3.      Стандартты тексерістер кезінде заманауи диагностикалық әдістерді қолдану.

4.      Науқастарға стандартты және жеке химиотерапия курстарын тікелей медицина қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізу.

5.      Тыныс жолдарының басқада ауруларымен туберкулездің ажыратпалы диагностикасын жүзеге асыра отырып, науқастардың қосымша сырқатын жеке мамандардың кеңесін пайдалана отырып емдеу тактикасын ұйымдастыру.

6.      Туберкулезге қарсы дәрілердің кері әсерлерін дер кезінде жою мақсатында анықтау және алдын алу іс шараларын ұйымдастыру.

7.      Бөлімшеде патогенетикалық және көрсетілімге байланысты симптоматикалық, сонымен қатар физиоемдер мен инголяторлар қолданылады.

8.      Білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсету арқылы емнің тиімділігін арттырып, науқастардың жағдайының жақсаруына қысқа уақыт аралығында қол жеткізуде

Возврат к списку


chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269