Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Клиникалық қызметтер

№3 ересектерге арналған терапия көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезді емдеу бөлімі.

№3 ересектерге арналған терапия көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезді емдеу бөлімі.

30 төсек орынға арналған :

Өкпе туберкулезі расталған алдын ала ауқымды және ауқымды дәрілерге көнбейтін, қысқа мерзімді немесе стандартты режімдегі емнің оң тиімділігі болмаған кезде, алдын ала ауқымды және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастармен қатынаста болған, емнің сәтсіз аяқталуының жоғары даму қаупі бар көптеген дәрілерге көнбейтін,сондай-ақ туберкулездің қосарланған түріне шалдыққан, өкпелік және өкпеден тыс, қақырығында туберкулез таяқшасын бөлетін, ІІ қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге тұрақтылық сақталатын науқастарды емдейді.

Бөлім меңгерушісі: Ештаева Гульнара Серихановна – жоғары санатты дәрігер фтизиатр. Денсаулық саласындағы еңбек өтілі – 22 жыл. Гинекология бойынша туу жасындағы, жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңде туберкулезбен ауырған әйелдерді жүргізуі бойынша куратор, фтизиогинеколог. Үнемі ҚР ҰҒФО және ОҚМА да біліктілігін жетілдіріп отырады.

Дәрігер-ординаторлар:

Эшметов Гафуржан Исмайлжанович, жоғарғы санат, еңбек өтілі19 жыл.

Акбаева Гульнар Кыдырбаевна,  жоғарғы санат, еңбек өтілі 23 жыл.

Абдурахманов Аскар Иса-Алиевич, дәрігер ординатор, еңбек өтілі 9 жыл

Аға медбике Маханова Айнур Оразалиевна, жоғарғы санат, еңбек өтілі19 жыл

Бөлімшеде21 медбике науқастарға қызмет етуі, жоғарғы санат-17, ІІ санат-1, мамандық сертификаті бойынша -3 медбике. Медбикелер үнемі білім деңгейін жетілдіру мақсатта арнайы біліктілікті артыру курстардан дәріс алады.

 

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

1.      Қазақстан Республикасының « Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне сәйкес сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулездің бір немесе бірнеше дәрілерге тұрақты түрлерін ерте анықтау және емдеу.

2.      Аудан деңгейінде және біріншілік медициналық әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарына консультативтік тәжірибелік көмекті ұйымдастыру

3.      Стандартты тексерістер кезінде заманауи диагностикалық әдістерді қолдану.

4.      Айсайын клинико-лабораториялық зерттеулер ЭКГ, биохимия, элетролиттер, ЖҚА; ЖНА, ТТГ,гликозированный гемоглобин

5.      Науқастарға стандартты , индивидуалды мерзімде және жеке химиотерапия курстарын тікелей медицина қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізу.

6.      Тыныс жолдарының бейспецификалық аурулармен туберкулездің ажыратпалы диагностикасын жүзеге асыра отырып, науқастардың қосымша сырқатын қажетті мамандардың кеңесін пайдалана отырып емдеу тактикасын ұйымдастыру.

7.      Туберкулезге қарсы дәрілердің кері жанама әсерлерін дер кезінде жою мақсатында анықтау және алдын алу іс шараларын ұйымдастыру.

8.      Бөлімшеде патогенетикалық және көрсетілімге байланысты симптоматикалық, сонымен қатар физиоемдер мен инголяторлар қолданылады.

9.      Білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсету арқылы емнің тиімділігін арттырып, науқастардың жағдайының жақсаруына қысқа уақыт аралығында қол жеткізуде.

Бөлімшеде жөнінде қосымшаақпарат алу үшін электронды почта: gulnara.eshtaeva@mail.ru.

Возврат к списку


chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269