Жаңалықтар
2024 жылдың 22 - 25 шілдесі аралығында Алматы қаласында Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған жобасы аясында ақпараттық жүйені қолдану арқылы «Зертханалық қызметтерді басқару және талдау менеджменті» бойынша тренинг өткізілді
2024 жылдың 22 - 25 шілдесі аралығында Алматы қаласында Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған жобасы аясында ақпараттық жүйені қолдану арқылы «Зертханалық қызметтерді басқару және талдау менеджменті» бойынша тренинг өткізілді. Облыстық және қалалық деңгейдегі фтизиопульмонологиялық орталықтардың бактериологиялық зертханаларының меңгерушілері қатысты. Тренингке Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығынан Бактериологиялық зертхана бөлімінің меңгерушісі Тойлыбаева Ақтолқын Абдыкалыковна қатысты.
Тренинг барысында туберкулезге қарсы зертханалардағы сапа менеджменті жүйесі, құрал-жабдықтар мен әдістерді валидациялау және тексеру, ақпараттық жүйенің зертханалық модуліне шолу, Туберкулез науқастарының ұлттық тізілімі және оның жаңа функциялары сияқты тақырыптар қарастырылды.
×
Артқа қайту